2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Ақмола облысында 2 ауданда 2 удандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау белгіленді.

Бұл ретте 2 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады.

14 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 2 (14,2%); «Қазақстан халықтық партиясы» саяси партиясы-1 (7,14%) , өзін-өзі ұсыну- 11 (78,5%).

2 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. 2 үміткер тіркелгенге дейін өз еркімен өтініштерін қайтарып алды.

10 кандидат тіркелді, оның ішінде 2 (20%) – «АМАНАТ» саяси партиясы; «Қазақстан халықтық партиясы» саяси партиясы-1 (10%); өзін-өзі ұсыну-7(70%).

Орташа бәсекеге қабілеттілік 5 адамды құрайды.

10 үміткердің 10-ы (100%) -еркектер.

Үміткерлердің 4- белсенді мемлекеттік қызметші, 4-бюджеттік сала қызметкері, коммерциялық құрылым қызметкері-1, басқалар-1.

Орташа жасы - 47,5 жаста болса, ең кішісі-36 жаста, ең үлкені -52 жаста.

Кандидаттардың 6-ы (60%) өзі сайлауға түскен ауылдық округте тұрады, 3-ы (30%) –басқа аулдық округте тұрады,1(10%) -Астана қаласында тұрады.

Дата публикации
21 ноября 2023