«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.11.2023 - 24.11.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.11.2023 – 27.11.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
30.11.2023 – 02.12.2023
Сұхбат: 06.12.2023
Анықтама телефоны: 87162722931
D–O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243 700 теңге
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы қаржы басқармасы жергілікті бюджеттердің орындалуын жиынтық-аналитикалық талдау және ақпараттық жүйелер бөлімінің бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Аудандық (қалалық) бюджеттер бойынша қаржыландырудың және түсімдердің жиынтық жоспарын қалыптастыру және тексеру. Бюджеттің атқарылуы бойынша кестелер, инфорграфика дайындау. «Бюджет процесінің мониторингі» бағдарламасының модульдерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жаңарту. Қаржылық құжаттарды автоматтандырылған өңдеу бойынша жұмыстар кешенін жүргізу және жүйелік бағдарламалардың жұмысын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Дерекқор, желі, серверлерді басқару, жүйелік басқару. Ақпараттық жүйелердің қызметін қамтамасыз ету. «Ашық Үкімет» порталында бюджетті атқару бойынша материалдарды орналастыру. Басқарманың web-сайтын басқару. Қаржылық құжаттарды компьютерлік өндеуге арналған бағдарламаларды еңгізу. Қаржылық құжаттардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің мониторингін жүзеге сыру және қосымша қорғау шараларын енгізу.
Білімі бойынша талап:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе бизнес, басқару және құқық саласында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) немесе педагогикалық ғылымдар (информатика) салаларында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.