Аршалы, Біржан сал, Егіндікөл, Зеренді, Сандықтау аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2023 жылғы 15 қарашадағы аудандық маңызы бар қалалардың, кент және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау туралы қаулыларының негізінде, келесі әкімдерін сайлауы 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалды:
Аршалы ауданында – Сараба ауылдық округінің әкімі;
Біржан сал ауданында – Заозерное аулының әкімі;
Егіндікөл ауданында- Алакөл ауылдық округінің әкімі;
Зеренді ауданында – М.Ғабдуллин, Сарыөзек, Приречен ауылдық округтерінің әкімдері;
Сандықтау ауданында – Белгородский ауылдық округінің әкімі.
Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.