АӨК негізгі көрсеткіштері
2023 жылдың қаңтар - қыркүйек айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 545 562,4 млн. теңгені құрады (НКИ – 70,4%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 264 575,6 млн. теңге (НКИ – 56,9%), мал шаруашылығы – 280 626,8 млн. теңге (НКИ – 104,3%).
Облыста барлығы 9585 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1974 - заңды тұлғалар, 803 - жеке кәсіпкерлер, 6808 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - қыркүйек айлары кезеңіне 72 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 92%- ды құрады (күрделі салымдардың азаюына байланысты көрсеткіштің төмендеуі).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - қыркүйек кезеңіне 6,9 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 38,2% - ды құрады (қайта өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдарды азайту есебінен).
2023 жылдың қаңтар – тамыз айларында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 248,7 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы деңгейге 97,3% - ды құрады (2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында – 255,8 млн. АҚШ доллары).
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 26,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 408,7 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 108,3 мың адам (2023 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2023 жылдың 2-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 265 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,7% - ға өсті (2023 жылғы қаңтар-маусымда - 23,6% өсіммен 231,6 мың теңге).