Ақмола облысының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.09.2023ж. халық саны – 788,7 мың адам, оның ішінде қалалық - 444,8 мың адам (56,4%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,2%, орыстар – 26,7%, басқалар – 17,1%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 266,3 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылғы деңгейге 114,6%.

2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 568 жаңа жұмыс орнын құрумен 26,8 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 2 жоба іске асырылды: Бұланды ауданында 25,7 млрд. теңгеге Макинск құс фабрикасының 3 кезегі, 455 жаңа жұмыс орны құрылды, Қосшы қаласында 300 млн. теңгеге «Құмтас АҚҚ» ЖШС бетон және бетон бұйымдарын өндіру зауыты, 20 жаңа жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 545,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылдың деңгейіне 70,4%.

  1. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 58,7 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 11,8%-ға жоғары.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  Ұлттық жобаны іске асыруға 2023 жылы (01.10.2023ж. жағдай бойынша)
10,2 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға –
7,9 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 879,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 1,2 млрд. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11,8%-ға ұлғайып 488,3 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 172,3 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 103,8%. 481,5 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 2,2%).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2023 жылдың 2 тоқсанында) - 4,8%
    (20,4 мың. адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,1% (2023 жылдың 2 тоқсанында). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
    (119,3 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (429,1 мың адам) 27,8%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2023 жылғы қаңтар-маусымда 284,7 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 20,6%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 108,4%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 107,5%-ды құрады.

  1. 2023 жылға арналған облыс бюджеті - 653,1 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 67,8%).

2023 жылдың 1 қазанына 439 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 99,4% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 479,3 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 96,1%, оның ішінде республикалық бюджетке – 344,2 млрд. теңге (болжамға 91%), жергілікті бюджетке – 135,1 млрд. теңге (болжамға 112,2%) түсті.

  1. 2023 жылы әлеуметтік салаға 327,4 млрд. теңге (облыс бюджетінің 50,1%), оның ішінде білім беруге – 257,8 млрд. теңге (39,5%), денсаулық сақтауға – 12,7 млрд. теңге (1,9%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 87%.

Білім беру саласында 5 мектептің Аршалы ауданының Жібек Жолы (300 орынға), Целиноград ауданының Өтеміс (120 орынға) ауылдарында, Қосшы (1200 орынға) және Көкшетау (392 орынға) қалаларында, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласындағы мектепке жапсаржайдың құрылысы аяқталды.

Жыл соңына дейін Аршалы ауданының Жалтыркөл, Целиноград ауданының Жаңа Жол ауылдарында, Степногорск (Бестөбе к.) және Көкшетау қалаларында 4 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград
(Шұбар а.) аудандарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында
5 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы қаласында және Көкшетау қаласында (3 нысан) 5 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде
9 мектептің құрылысын бастау көзделген: Целиноград ауданында
7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында -
1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп)
, Көкшетау қаласында - 2 жоба.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское және Новосельское ауылдарында медициналық пунктің (ФАП), Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысын аяқтау жоспарлануда, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана құрылысы жүргізілуде.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 95,3%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу -93%.

2023 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 25,7 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 23 объектінің құрылысына
(9 млрд.теңге) және 42 объектіні қайта жаңартуға (13 млрд. теңге),
34 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (609,4 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 35 объектіні ағымдағы жөндеуге
(2,1 млрд. теңге), 17 КБМ (264,9 млн. теңге) орнатуға бағытталды.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыр қылмыстардың 11,1%-ға төмендегені байқалды, оларды ашу бойынша 66,6%-ды құрады.
Аса ауыр қылмыстардың саны 11,6%-ға төмендеді, оларды ашу бойынша 88,5%-ды құрады.

Дата публикации
16 октября 2023