2023 жылғы 1 қазан жағдай бойынша аймақта 191 діни бірлестік әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 90 - ислам, 47 – православ, 41 – протестанттық, 11 – католик, 1 - Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна Санасы қоғамы.
2023 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда тіркелген ДБ-ін саны 1 бірлікке артты. Діни бірлестіктер санының артуы Бурабай ауданы Кенесары ауылындағы «Қазақстан православие шіркеуінің Көкшетау және Ақмола Епархиясы» ЖДБ «Көкшетау және Ақмола епархиясының қасиетті шейіт Виктор ғибадатханасының приходы» филиалын есептік тіркеу есебінен пайда болды.
Діни нысандар - 152, оның ішінде: 89 мешіт; 29 православие шіркеуі; 12 католиктік шіркеулер мен 22 протестанттық үй.
Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 32 миссионерлер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: 20 адам Польша, 6 - Филиппиннен, 3- Германия, 2- Ресей, 1- Қазақстан азаматтары.
Көкшетау қ. – 3 миссионер, Аршалы ауданында – 1, Астрахан ауданында - 4, Атбасар ауданында - 7, Бұланды ауданында – 4, Бурабай ауданында - 7, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.
29 миссионер католицизмді және 3 протестантизмді уағыздайды Жаңа апостолдық шіркеу).
Есепті кезеңде 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді: электрондық форматта миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 15 куәлік және қағаз түрінде 2 куәлік берілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша 2023 жылдың басынан бастап, облыста 148 баланың ата-анасы діни наным бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда егуден бас тарту саны 3 балаға азайды (2023 жылдың 2 тоқсаны - 151).
Білім басқармасының мәліметі бойынша облыстағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 106 фактісі анықталды (бас киім кию (орамал мен хиджаб). Ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда хиджаб саны 50 адамға артты (2023 жылғы 2 тоқс. - 56). Діни наным-сенімдер бойынша мектеп формасына қойылатын талаптардың бұзылуына жол бермеу үшін жаңа оқу жылының басынан бастап ата-аналар жұртшылығымен және оқушылармен түсіндіру жұмыстары басталды.
ДІБ жанындағы «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.
2023 жылғы 28 тамызда «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Конституция күні, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы заңнамалық түзетулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы туралы ақпарат жеткізілді. Іс-шара туралы ақпарат Басқару сайтында және Facebook-тің интернет-парақшасында орналастырылған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/610072?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/610072?lang=ru
2023 жылғы 1 қазан жағдай бойынша облыста 217 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 2 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).
Ақпараттық-түсіндіру топтары 1430 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 13757 адам қатысты.
Оның ішінде тікелей облыс жастарымен 1236 адамның қатысуымен 38 іс-шара жүзеге асырылды.
Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 1635 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 192 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 39 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 1504 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).
Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.
Тұрақтылық атмосферасын сақтауға дін саласында мемлекеттік органдардың біріктіруші рөлі, дін саласындағы мемлекеттік саясатқа діни бірлестік жетекшілерінің конструктивті ұстанымы, сонымен қатар облыстағы 12 конфессия діншілдері арасындағы ертеректегі дәстүрлі сенім шыдамдылығы және өзара сыйластық әсер етті.