2023 жылғы 28 қыркүйекте Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімінің орынбасары А. А. Тайжановтың төрағалығымен бизнес – қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп күні өтті.
Әрбір ведомство кәсіпкерлік субъектілеріне атқарылған жұмыс туралы есеп берді.
Салық және жер заңнамасы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің заңдылығы, бизнестің проблемалық мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлер айтқан мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ аумақтық департаменттерге егжей-тегжейлі зерделеу үшін тапсырмалар берілді.
Бірыңғай есеп күні жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіледі.