Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың қаңтар – тамыз айларына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2023 жылдың қаңтар - тамыз айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 321 322,4 млн. теңгені құрады (НКИ – 90,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 73 399,5 млн. теңге (НКИ - 68%), мал шаруашылығы – 247 757,9 млн. теңге (НКИ – 104,5%).

Облыста барлығы 9585 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1974 - заңды тұлғалар, 803 - жеке кәсіпкерлер, 6808 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - тамыз айлары кезеңіне 62,2 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 96,5% - ды құрады (күрделі салымдардың азаюына байланысты көрсеткіштің төмендеуі).

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - тамыз кезеңіне 6,5 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 37,6% - ды құрады (қайта өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдарды азайту есебінен).

2023 жылдың қаңтар – шілде айларында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 219,4 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы деңгейге 94,6% - ды құрады (2022 жылдың қаңтар-шілде айларында – 231,8 млн. АҚШ доллары).

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 26,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 408,7 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 108,3 мың адам (2023 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2023 жылдың 2-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 265 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,7% - ға өсті (2023 жылғы қаңтар-маусымда - 23,6% өсіммен 231,6 мың теңге).

Дата публикации
25 сентября 2023