Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiн сайлауға кандидаттардың жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен өтелінетін шығыстарының мөлшерiн белгiлеу туралы

2023 жылы тағайындалатын аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiн сайлауға кандидаттардың жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен өтелінетін шығыстарының мөлшерiн белгiлеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының
33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудан, облыстық маңызы бар қаланың әкiмiне кандидаттың жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен өтелінетін шығыстарының мөлшерi белгiленсiн:

1) теледидарда бағдарламамен таныстыру (тікелей эфирде немесе жазып алынған) – 15 минут, радода 10 минут және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

2) сайлау алдындағы іс-шараларын өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

3) тасымалдау шығындары – 100 000 (жүз мың) теңге.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3) Осы қаулы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын

 

Төраға                                                                                               М. Сәдуов

 

 

Хатшы                                                                                             Ә. Күштаева

 

 

Дата публикации
20 сентября 2023