Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әміренованың азаматтарды қабылдауы, 29.08.2023

 

2023 жылғы 29 тамызда облыс әкімінің орынбасары А.Б. Әміренова мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында өтініш берушілер медициналық көмек көрсету және спортты дамыту мәселелерін көтерді.

Жеке қабылдау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауызша түсініктемелер берілді.

Дата публикации
29 августа 2023