Ақмола облысының 8 ауданында 9 аудандық маңызы бар қала (1),
ауыл (1) және ауылдық округ (7) әкімдерін сайлау жүргізілді.
Бұл ретте 3 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты,
6 әкім мерзімінен бұрын кетуіне байланысты сайланды.
38 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы –
4 (10,5 %); «ЖСДП» саяси партиясы - 1 (2,6 %); «ҚХП» саяси папртиясы – 1 (2,6 %); өзін-өзі ұсыну 32 (84,3 %).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 5 кандидатты қабылдаудан бас тартылды;
4 үміткер өз еркімен өтініштерін қайтарып алды.
29 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 (13,8 %) – «АМАНАТ» саяси партиясынан; 5 - өзін-өзі ұсынғандар.
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрайды.
29 үміткердің 7 - (24,1 %) әйелдер.
Үміткерлердің 6 белсенді мемлекеттік қызметші, 1 - бюджеттік сала қызметкері, 1- коммерциялық құрылым қызметкері, 3- уақытша жұмыссыз.
Орташа жасы - 39 жаста болса, ең кішісі 30 жаста, ең үлкені 60 жаста.
Кандидаттардың 11 (37,94 %) - өзі сайлауға түскен ауылдық округтен,
12 (41,37 %) - ауданда, 5 (17,24 %) - облыстың басқа ауданында, 1 (3,45 %) - Астана қаласында тұрады.