Ақмола облысының аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, бүгінгі күні облыс аумағындағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы, бұл мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды табысты іске асыруға және біздің облыс аумағында өндірілетін өнімдер мен шикізатты еркін әкетуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы шамамен 1,3 млн.бас ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын зерттеу және аса қауіпті ауруларға қарсы 4,6 млн. доза ветеринариялық препараттарды қолдану жоспарлануда.
Зертханаға бруцеллезге және басқа да аса қауіпті ауруларға зерттеу үшін 537,1 мың ІҚМ сынамасы немесе жылдық жоспардың 91,4% жеткізілді, зертханаға жеткізілген сынамалардың 98,3% - ы 527,8 мың ІҚМ сынамасы зерттелді. 1832 бас ірі қара малы бруцеллезге оң нәтиже берді. Ұсақ малдың 601,5 мың қан сынамасы жеткізілді, 592,4 мың қан сынамасы немесе жеткізілген көлемнің 98,49% - ы зерттелді. 265 бас оң нәтиже көрсетті.
Бруцеллезге оң нәтиже берген ауыл шаруашылығы жануарларын санитариялық союға тапсыру бойынша іс-шаралар уақтылы жүргізілуде.
2021 жылдың екінші жартыжылдығында облыс бойынша 80004 ветеринариялық анықтама берілді, оның ішінде: 77321 мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімдеріне, 2412 ауыл шаруашылығы және үй жануарларының барлық түрлеріне, 271 - жануарлардан алынатын шикізат пен жемшөпке берілген анықтамалар.
Жергілікті жерлерде өтініш бойынша ветеринариялық анықтаманы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (ветеринариялық пункттердің) ветеринариялық дәрігерлері, сондай-ақ өндірістік бақылау объектілердің аттестациядан өткен ветеринариялық дәрігері береді. Базада жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, берілген ветеринариялық анықтамалардағы мәліметтер БАБЖ ақпараттық жүйесіне ветеринариялық анықтама берілген күннен бастап бір тәулік ішінде енгізіледі.
Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығының талаптарына сәйкес ветеринариялық анықтамалардың бланкілері орталықтандырылып (қорғау дәрежесімен) дайындалды. Берілген ветеринариялық анықтамаларды есепке алу және беру қатаң есептілік бланкілерімен бірдей жүргізіледі.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-ілеспе құжаттарсыз, жануарларды союдың алдында және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелерін тексермей өткізуге жол бермеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етудің барлық қажетті шаралары қабылданады. Жануарлар сойылған жағдайда, белгіленбеген орындарда ветеринариялық анықтама берілмейді және тыйым салу сипатындағы шаралар қабылданады.
Жеке және заңды тұлғалардың кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүргізуді міндетті жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта облыс бойынша 90 сою объектісі, оның ішінде 9 ет өңдеу кәсіпорны, 11 сою пункті және 70 сою алаңы жұмыс істейді.
Ветеринария басқармасы облыс аумағында өткізілетін ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру, ілеспе құжаттарсыз ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (айдап әкету) фактілерін анықтау үшін Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы мен Ақмола облысы ветеринария басқармасының өзара іс-қимылы бойынша Меморандумға қол қойды. Меморандумда орны ауыстырылатын объектілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ветеринариялық бақылауға жататыны айқындалған.
Ветеринария басқармасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде -1 лицензия берілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспарларға сәйкес жүргізілуді. 178,5 мың бас ірі қара мал немесе жылдық жоспардың 114,3% (жоспар 156,3 мың бас); ұсақ мал – 209,6 мың бас немесе 99,3 % (жоспар 209,6 мың бас); жылқы – 21,2 мың бас немесе 47,6 % (44,6 мың бас) және шошқа – 31,2 мың бас 70,5 % (44,3 мың бас) бірдейлендірілді. Жұмыс жалғасуда.