Облыстық әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік орман қорының ауданы 405,1 мың га құрайды, оның ішінде 229,5 мың га орманмен жабылған.Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу жедел басқармасының қарамағында Ақмола облысының 6 ауданының және 2 қаласының әкімшілік аумақтарында шоғырланған 13 орман шаруашылығы мекемесі бар. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің штаттық саны 514 адамды құрайды.