2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысындағы діни ахуал туралы ақпарат

Облыста 190 тіркелген діни бірлестік (бұдан әрі ДБ) жұмыс істейді. Дін бойынша: 90–ислам, 46–православие, 41–протестант, 11-католиктік бағыттағы, 1-Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна Сана қоғамы.

Діни нысандар 152, оның ішінде: 89 мешіт, 29 православие шіркеуі, 12 католик шіркеуі және 22 протестанттық дұға үйлері.

Аймақ аумағында уағыздау қызметін 29 миссионер жүзеге асырады. Олардың ішінде: 19 адам Польша, 5 - Филиппин, 1 - Қазақстан, 1 – Ресей, 1 - Германия, 1 – Швейцария, Италия - 1 азаматтары.

Барлық 29 миссионер католицизмді уағыздайды.

А.ж. басынан бастап 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді (миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беру).

Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында 217 адамнан тұратын дін мәселелері бойынша 24 ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі АТТ) тұрақты жұмысы ұйымдастырылды (1 облыстық ДІБ жанында, 3 қалалық, 17 аудандық және 3 Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарында).

2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында 2116 түрлі іс-шара ұйымдастырылды, оған 49520 адам қатысты. Оның ішінде: семинарлар – 10/176; кездесулер – 460/9177; дәрістер мен онлайн-дәрістер – 428/8247; өзге де ұйымдастыру іс – шаралары-1218/31920 (жеке әңгімелер, диалог алаңдары, акциялар және т.б.). Оның ішінде облыс жастарымен тікелей 9252 адамның қатысуымен 351 іс-шара жүзеге асырылды.

Ақмола облысының БАҚ-да діни қатынастар саласындағы тақырыптарды қамтитын 3496 материал орналастырылды. Оның ішінде: баспа басылымдарында 200 жарияланым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық телевизия мен аудандық телестудияларда 53 телематериал (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); интернет-ресурстарда 3243 ақпараттық материал (суреттер, пресс-релиздер, бейне дәрістер және т.б.) орналастырылды.

Жалпы, Ақмола облысындағы діни ахуалды талдау өңірде тұрақты, толерантты және басқарылатын жағдайдың болуын көрсетеді.

Діни негізде қақтығыстар байқалмады.

Өңірде діни қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік ахуалдың тұрақтылығына, толерантты сананы қалыптастыруға, діни төзімділік негіздерін нығайтуға, әртүрлі ұлттар мен түрлі діндердегі адамдардың өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етеді.

Дата публикации
21 июля 2023