«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде (2010 жылдан бастап) жалпы сомасы 286,3 млрд. теңгеге 5657 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша (1,2,3 бағыт, портфельдік) – 229,070 млрд. теңге кредит сомасына 3732 жоба;

- ШОБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру бойынша 49,255 млрд. теңге кредит сомасына барлығы 1800 жоба мақұлданды, кепілдіктер сомасы 24,516 млрд. теңгені құрайды;

- гранттық қаржыландыру бойынша 0,666 млрд. теңге грант сомасына барлығы 200 жоба мақұлданды;

- жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша 13 млрд. теңге сомасына барлығы 57 жоба мақұлданды.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2010-2020 жылдары оның қатысушылары 4 555,3 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, 293,9 млрд. теңге сомасына салық төледі, 20,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

2023 жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыруға 10 178,195 млн. теңге (РБ – 6678,0 млн. теңге, ЖБ – 3 500,195 млн. теңге) бөлінді, 5 453,047 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

– субсидиялауға 7 825,161 млн.теңге бөлінді, оның ішінде РБ - 5979,0 млн. теңге, ЖБ-1 846,161 млн. теңге.

17 395,638 млн. теңге кредит сомасына 241 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды, 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 3 966,1 млн. теңге сомасына субсидиялар төленді;

- кредиттерге кепілдік беруге 975,333 млн. теңге бөлінді, оның ішінде (РБ-699,0 млн. теңге, ЖБ-276,333 млн. теңге), кредиттер бойынша 10456,366 млн. теңге сомасына 171 кепілдік берілді, кепілдік сомасы 5447,409 млн. теңгені құрайды (974,0 млн. теңге игерілді);

- гранттық қаржыландыруға 189 млн. теңге (ЖБ - 189,0 млн. теңге);

- өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге 1 188,701 млн.теңге (ЖБ – 1188,701 млн. теңге) бөлінді, 512,947 млн. теңге игерілді.

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС жобалары бойынша:

су бұру - 772,806 млн. теңге (ЖБ, игерілген 339,692 млн. теңге);

электрмен жабдықтау - 377,516 млн. теңге (ЖБ, игерілген 173,254 млн. теңге;

«Скаут-Тур» ЖШС (электрмен жабдықтау) - 26,029 млн. теңге (ЖБ);

«Ен-Дала» ЖШС (электрмен жабдықтау) - 12,350 млн.теңге (ЖБ).

 

 

Дата публикации
20 июля 2023