Қазіргі уақытта «қарапайым заттар экономикасы» портфелі 56,29 млрд. теңгеге өңдеуші өнеркәсіптің, АӨК саласының және қызметтердің мақұлданған және қаржыландырылған 267 жобасынан тұрады (оның ішінде 2023 жылдың басынан бастап 7,3 млрд.теңге сомасына 4 жоба).
Өңдеу өнеркәсібінде 36,49 млрд.теңге сомасына 46 жоба, ауыл шаруашылығында - 14,5 млрд. теңге сомасына 210 жоба, қызмет көрсету саласында - 5,3 млрд. теңге сомасына 11 жоба мақұлданды. 1300-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.