Инвестициялық жобалар туралы

2023 жылы жеке инвестициялар есебінен 231,5 млрд. теңгеге   242 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда 29,2 млрд. теңгеге 26 жоба пайдалануға берілді.

2023 жылдың ең ірі жобалары:

- «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының өндірістік қуатын жылына тірі салмақта 100 мың тоннаға дейін ұлғайту;

- «Borey Energo» ЖШС 100 МВт жел электр станциясы;

- «Эталон Пауэр» ЖШС 18 МВт жел электр станциясы;

- «SARECO» ЖШС электролиттік марганец өндірісі;

- «КАИК» ЖШС «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың индустриялық-технологиялық паркінің» 2-кезегі.

 

Дата публикации
20 июля 2023