Облыста қолданыстағы заңнама шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды қолдау шаралары қабылдануда.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіледі. 1 шілдеге АӘК 1,9 мың отбасы (8,8 мың адам) тағайындалды, оның ішінде 5,7 мың бала, оның ішінде 622 көпбалалы отбасы, 551 млн. теңге сомасына.
2023 жылы АӘК төлеуге облыс бюджетінен 719 млн. теңге, аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджетінен - 325 млн. теңге бөлінді.
2023 жылы АӘК алатын отбасылардан 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2,3 мың баланы ай сайынғы қосымша төлеммен қамтамасыз етуге 102 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Жыл басынан бері 2620 балаға 53 млн. теңге сомасында жәрдемақы төленді.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңымен аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары мәслихаттарының тиісті шешімдерімен белгіленген шектерде телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін табысы аз адамдарға тұрғын үй көмегі көзделген. 1 шілдеге тұрғын үй көмегі 311 мұқтаж отбасыға (571 адам) жалпы сомасы 13,3 млн. теңгеге төленді.
Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалалары мәслихаттарының шешімдерімен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілді, олардың шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
1 шілдедегі жағдай бойынша 4,6 мың адамға 258,8 млн. теңге сомасында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде:
- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 457 отбасы жергілікті бюджет есебінен 17,5 млн. теңге сомасында материалдық көмек алды;
- әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар: қатерлі ісіктері бар 2933 азамат 175,3 млн. теңге сомасына төлем алды, туберкулезбен ауыратын 407 науқасқа 23,7 млн. теңге, АИТВ жұқтырған 466 адамға 28,5 млн. теңге төленді;
- 7,8 млн. теңге сомасына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 156 адам;
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен 93 отбасы 18,1 млн. теңге сомасына;
- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жоғары оқу орындары мен колледждердің 41 студентіне оқу ақысын төлеу бойынша 14,9 млн. теңге сомасына әлеуметтік көмек.
Бұл шаралар мұқтаж отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығаруға және әлеуметтік шиеленістің өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.