«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 405-кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha @aqmola.gov.kz; zeinullina_km@aqmola.gov.kz) барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Ақмола облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары — облыстың бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерiнiң орынбасары, D-О-2 санаты, (№ 01-03), 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 163 166 теңгеден 220 682 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiне басшылықты, олардың жұмысын ұйымдастыруды және үйлестiрудi, органның негiзгi мақсаттары мен функцияларына сәйкес ветеринария мәселелерi бойынша шешiм қабылдауды жүзеге асырады. Ветеринарияны дамытуға бағытталған және ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу бойынша қысқа және ұзақ мерзiмдi жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды үйлестiредi. Басқарма қызметiнiң мәселелерi бойынша семинарларды, кеңестердi, консультацияларды ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi және оларға тiкелей қатысады. Келiп түсетiн құжаттар мен материалдарды қарайды және олар бойынша шешiм қабылдайды, олармен жұмыс тәртiбiн анықтайды. Басқарманың құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу бойынша өкiлеттi мемлекеттiк органдар, құрылымдық бөлiмшелер мен басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу. Келесi мәселелерiмен айналысады: халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру;

жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдаймен сипатталатын аумақты аймақтарға бөлудi дайындау; облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастыру; ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеудi жүргiзу; жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың орнын ауыстыру, ауыл шаруашылығы жануарларына карантиндеудi жүргiзу; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтiп-ұстауды қамтамасыз ету;

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптi және жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру және оларға қатысу; ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша ic-шараларды жүргiзудi және дерекқорды жүргiзудi қамтамасыз етудi ұйымдастыру; бюджеттiк өтiнiмдердi жасауды, ветеринария саласындағы бюджеттiк өтiнiмдердi қорғау мен iске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттiк қызметтердi көрсетудi және оларға мониторинг мәселелерi жөнiндегi жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.

Жетекшiлiк етедi: ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi және ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру бөлiмi; ветеринариялық қызметтi лицензиялау және ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру бөлiмi. Басқарма басшысымен анықталатын өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ветеринария саласында (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария) жоғары немесе жоғары оқу орнынан бiлiм.

«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесi;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi 5 жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

8) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» ММ
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_____________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Менiң жеке мәлiметтерiмдi, оның iшiнде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәлiметтерiмдi жинауға және өңдеуге рұқсатымды бiлдiремiн.

Мемлекеттiк органның интернет-ресурсында менiң әңгiмелесуiмнiң бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келiсiм беремiн __________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-mail: _______________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________

________ ____________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
09 июля 2020