Ақмола облысының аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік туралы 2023 жылдың 5 айына арналған ақпарат

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы, бұл мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды табысты іске асыруға және облыс аумағында өндірілетін өнімдер мен шикізатты еркін тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бекітілген жоспарларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Бруцеллезге ІҚМ қанының 279,9 мың сынамасы және ұсақ мал қанының 331,7 мың сынамасы тексерілді.

Тексерілген қан сынамаларынан 472 бас ІҚМ оң әсер берді. Өңдеу кәсіпорындарына 399 бас тапсырылды. Жұқтыру пайызы-0,17%. Ұсақ малдан 62 бас оң әсер берді. Өңдеу кәсіпорынына 43 бас тапсырылды. Жұқтыру пайызы-0,019%.

Құтыру, қарасаң, топалаң, нодулярлы дерматит, аусыл, құс тұмауы және жылқы ринопневмониясына вакцинация жасалды, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, маңқа және туберкулезге аллергиялық зерттеулер жүргізілді.

Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру

Күнтізбелік жоспарларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

123,6 мың бас ІҚМ немесе жылдық жоспардың 81,5% (жоспар 151,6 мың бас); ұсақ мал – 168,8 мың бас немесе 88,3 % (жоспар 191,2 мың бас); жылқы – 9.0 мың бас немесе 28,9 % (31,3 мың бас) және шошқа – 13,0 мың бас 42,3 % (жоспар 30,8 мың бас).

Мал қорымдары бойынша өткізілетін іс-шаралар

Ақмола облысының елді мекендерінде 265 мал қорымы бар, оның ішінде 8 типтік және 257 бірлік бұрын жұмыс істеген қарабайыр мал қорымдары.

Облыстың елді мекендерін жануарлардың өлікселерін кәдеге жарату үшін үлгілік мал қорымдарымен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешу үшін облыс әкімдігі "облыс аумағында бар мал қорымдарын сәйкестендіру және жаңа үлгілік мал қорымдарын кезең – кезеңімен салу жөніндегі 2019 - 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын" (бұдан әрі-жоспар) бекітті.

2021 жылы Біржан сал ауданындағы 2 мал қорымына 28 530,0 мың теңге бөлінді (Мамай және Андықожа батыр ауылдарында). Құрылысты "Норд Строй КZ" ЖШС мердігері жүргізді. Мамай және Андықожа батыр ауылдарындағы мал қорымдары салынып, ветеринариялық станцияның балансына берілді.

2022 жылға бюджеттен 9 ауданда ЖСҚ әзірлеуге 19 872,0 мың теңге бөлініп қаражаты игерілді. Біржан сал ауданында 3 мал қорымын ұстауға және қызмет көрсетуге 4 673,0 мың теңге бөлініп, игерілді.  

2023 жылға бюджеттен Біржан сал ауданында 5 мал қорымын ұстауға және қызмет көрсетуге 7 095,6 мың теңге бөлінді, Мемлекеттік сатып алулар жүргізілді "ЖК Сағындықова" басшы Сағындықова Шолпанай Маратқызы қызметті жеңіп алды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысының ветеринария басқармасы(бұдан әрі-Басқарма) және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары 2022 жылы мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетуді жүзеге асырды:

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

Ветеринариялық анықтама беру;

Ветеринариялық паспорт беру.

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 46 722.

Ақылы негізде "ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2022 жылы барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Екі мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі:

"Ветеринариялық анықтама беру", 2022 жылы барлығы 38 656 қызмет көрсетілді;

"Ветеринариялық паспорт беру" 2022 жылы барлығы 8 063 қызмет көрсетілді.

2023 жылдың бес айында 18 974 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ветеринариялық анықтама беру бойынша 13541 қызмет, ветеринариялық паспорт беру бойынша - 5433 қызмет. Басқарма 2023 жылы ветеринария саласында лицензия беру бойынша қызметтер көрсеткен жоқ.

Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Дата публикации
14 июня 2023