«Ақмола облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Осы арқылы «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14541138 сілтемесі бойынша орналастырылған.