АӨК негізгі көрсеткіштері
2023 жылдың қаңтар - сәуір айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 113 832,8 млн. теңгені құрады (НКИ – 105,4%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1 261,6 млн. теңге (НКИ - 100%), мал шаруашылығы – 112 560,9 млн. теңге (НКИ – 105,4%).
Облыста барлығы 9169 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1996 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 774 - жеке кәсіпкерлер, 6399 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - сәуір айлары кезеңіне 24,4 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 99,1%- ды құрады (сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасы санының азаюына байланысты көрсеткіштің төмендеуі).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - сәуір кезеңіне 4,1 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 47,3% - ды құрады (қайта өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдарды азайту есебінен).
2023 жылдың қаңтар – наурыз айларында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 105,8 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы деңгейге 92,2% - ды құрады (2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында - 114,7 млн. АҚШ).
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 24,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 409,5 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 100,3 мың адам (2023 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2023 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 193,8 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8% - ға өсті.
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі 46,6 млрд. теңге құрайды, оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 13,1 млрд. теңге (пестицидтер - 9 103,7 млн. теңге, тыңайтқыштар - 3 171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығына - 617,5 млн. теңге, азық-түлік астығы - 240,6 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға 5 млрд. теңге бөлінді;
- қаржы құралдары – 26,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 16 627,7 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 985 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау - 83,5 млн. теңге);
-өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 1,8 млрд. теңге).
Өсімдік шаруашылығы
2023 жылы егіс алқаптарының алдын ала құрылымы бойынша облыс 5 234,4 мың га алаңда жаздық егіс жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде:
- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4 720,6 мың га.
- майлы дақылдар – 300,2 мың га.
- жүгеріні есепке алғандағы жемшөп дақылдары - 195,8 мың га.
-халықты ескере отырып, картопты – 15,3 мың га;
- көкөністерді – 2,5 мың га.
2023 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша дәнді және бұршақты дақылдар 2223,5 мың га (жоспардан 47,1%), майлы дақылдар 138,4 мың га ( жоспардан 46,1%), жүгеріні ескере отырып жемшөп 104,3 мың га (жоспардан 53,3%) егілді, халықты ескере отырып 13,5 мың га (жоспардан 87,9%) алаңға картоп отырғызылды, 1,9 мың га көкөніс (жоспардан 77,9%).
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2023 жылғы қаңтар – сәуір айларында АШТӨ барлығы 23,7 млрд. теңге сомасына 557 бірлік техника сатып алды (2022 жылғы қаңтар - сәуір айларында - 19,3 млрд. теңгеге 589 бірлік), оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 8 млрд. теңге сомасына 62 бірлік;
- тракторлар – 7,3 млрд. теңге сомасына 119 бірлік;
- тұқым септкіштер – 220,4 млн. теңге сомасына 79 бірлік;
- егіс кешендері – 3,4 млрд. теңге сомасына 45 бірлік;
- өзге де техникалар – 4,7 млрд. теңге сомасына 252 бірлік.
Егіс науқанына 15 мыңға жуық трактор, 16,6 мың сепкіш және 1,5 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешені қатысады.
Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстары
ҚР Энергетика министрлігі Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге егіс жұмыстарын жүргізуге дизель отынының кепілдендірілген көлемінің 74,3 мың тоннасын (Павлодар ҰХЗ-дан - 52,1 мың тонна және ПҚОП - дан (Шымкент) - 22,2 мың тонна) бөлді.
Дизель отынының сату бағасы 222 мың теңгені құрайды тоннасы үшін, фермерлер үшін түпкілікті баға-1 литр үшін 220 теңге.
24.05.2023 жылғы жағдай бойынша 74,1 мың тоннаға (жалпы көлемнің 99,7%) шарттар жасалды, 74,1 мың тоннаға (жалпы көлемнің 99,7%) төлем жүргізілді, оның 62,2 мың тоннасы (жалпы көлемнің 83,7%) жөнелтілді.
Мал шаруашылығы
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 542 мың басты (2022 жылдың ұқсас кезеңіне 99,5%) құрайды, оның ішінде сиыр басы - 226,2 мың бас (97,4%).
Жылқылардың саны 269,1 мың басты (107,8%), құстар - 9 728 мың басты (107,4%) құрады.
Қой мен ешкі саны 767,2 мың басты (104,6%), шошқа – 95,1 мың басты (79,7%) құрады.
Облыста тірі салмақтағы ет 69 мың тонна (109,9%), сүт – 100,3 мың тонна (99,2%), тауық жұмыртқасы – 228,9 млн.дана (98,1%) өндірілді.
Фермаларды құру
2023 жылы етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2,3 мың бас ІҚМ сатып ала отырып, 46 ферма құру жоспарланған.
Сүт мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 4,2 мың басқа арналған 11 ферма құру жоспарланған.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру
2023 жылы жалпы сомасы 48 млрд. теңгеге 47 инвестициялық жоба іске асырылады, оның ішінде:
- 4,1 млрд. теңге сомасына астық қоймаларын салу бойынша 10 жоба;
- 9,2 млрд. теңге сомасына МТФ құру бойынша 11 жоба;
- жалпы сомасы 0,7 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 5 жоба тенге;
- жалпы сомасы 5,2 млрд. тенге млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 9 жоба;
- жалпы сомасы 19,5 млрд. тенгеге құс фабрикаларын құру бойынша 4 жоба;
-жалпы сомасы 5,5 млрд. тенгеге жерді игеру бойынша 5 жоба;
жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге көкөніс қоймаларын салу бойынша 2 жоба;
- 0,3 млрд. теңге сомасына бордақылау алаңын салу бойынша 1 жоба.
Қайта өңдеу
Ақмола облысында:
-өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын;
-өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту;
-кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 101,4 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар (2022 жылы қуаттылығы тәулігіне 600 тонна шикізатта майлы дақылдарды (соя, күнбағыс тұқымы, рапс) өңдейтін ірі жоғары технологиялық зауыт іске қосылды, бұл ретте өнімге дайын өнім 54 мың тоннаны құрайды).
2023 жылдың қаңтар - сәуір айларында 69,1 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді (2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% өсті).
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 51%, сүт – 13%, астық өңдеу – 11%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2%, өзге салалар – 23% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар 2022 жылмен салыстырғанда 30,7 мың тонна немесе 14,3% өсумен ет өндірді, шұжық өнімдерін өндіру 589 тоннаны немесе 50,4%- ды құрады.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 27,3 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 1,4% - ға төмендеді, сары май 695 тоннаны немесе 48,8%, ірімшік және сүзбе – 306 тоннаны немесе 30,7%, ашымал сүт өнімдері - 2364 мың тонна өндірілді немесе 5,8% - ға төмендеді
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 12,4 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 60,2% құрады.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 65,1 мың тонна өндірілді немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6% - ға төмендеді.