Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.04.2023ж. халық саны – 788,5 мың адам, оның ішінде қалалық - 442,9 мың адам (56,2%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,2%, орыстар – 26,7%, басқалар – 17,1%
2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 568 жаңа жұмыс орнын құрумен 26,8 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 113,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылдың деңгейіне 105,4%.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыруға 2023 жылы (01.05.2023ж. жағдай бойынша)
10 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 7,3 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1,4 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 1,1 млрд. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 18,3 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 100,5%. 212 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 5,5%).
Орташа айлық атаулы жалақы 2023 жылғы қаңтар-наурызда 273,8 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 21,7%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 104,3%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 104,6%-ды құрады.
Мемлекеттік бюджетке 299,3 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 104,2%, оның ішінде республикалық бюджетке – 235,8 млрд. теңге (болжамға 99,9%), жергілікті бюджетке – 63,4 млрд. теңге (болжамға 124,5%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 86%.
Білім беру саласында Аршалы ауданының Жибек Жолы, Сандықтау ауданының Петровка, Целиноград ауданының Жаңа Жол және Өтеміс ауылдарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында
7 мектептің, Ақкөл ауданының Ақкөл қ. мектепке қосымшаның құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Аршалы (Жалтыркөл а.), Біржан сал (Бұланды а.), Целиноград аудандарында (Шұбары а.), Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы, Көкшетау қалаларында (2 нысан) 7 мектеп, сондай-ақ 5 балабақша: Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы қаласында, Көкшетау қаласында
(3 нысан) салу бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде
10 мектептің құрылысын бастау көзделген: Целиноград ауданында
8 жоба (Қаражар, Қажымұқан, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп), Көкшетау қаласында -
2 жоба.
Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пунктің (ФАП) және Новосельское ауылында ФАПтың құрылысын аяқтау жоспарлануда, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана құрылысын бастау көзделген.
2023 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 25,8 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 22 объектінің құрылысына
(9,7 млрд.теңге) және 40 объектіні қайта жаңартуға (12,7 млрд. теңге),
20 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (495 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 29 объектіні ағымдағы жөндеуге
(1,9 млрд. теңге), 16 КБМ (255 млн. теңге) орнатуға бағытталды.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде ауыр қылмыстардың 1,4 есе төмендегені байқалды, оларды ашу бойынша 69,7%-ды құрады.
Аса ауыр қылмыстардың саны 2022 жылдың деңгейінде қалды
(2022ж. - 26 жағдай), оларды ашу бойынша 96%-ды құрады.