«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, 405-кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 29-72-98, электрондық мекенжайы: temirhanova_zha@aqmola.gov.kz; zeinullina_km@aqmola.gov.kz) барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары (№ 01-03), «E-1» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 150778 теңгеден 203162 тенгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері: білім беру, ғылым, ақпарат, мәдениет, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік әріптестік, кедейлікті төмендету, мүгедектердің, балалардың, сотталған және қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың құқығын қорғау, көші-қон және демографиялық саясат, мемлекеттік органдардың саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз ету, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттік жастар саясатын жүргізу, дене шынықтыру және спорт, тарихи және мәдени мұраларды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрді сақтау, ономастика, денсаулық сақтауды дамыту, халыққа қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру және ұсыну мәселелеріне жетекшілік етеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытумен қамтудың 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын, стратегиялық жоспарларды жүзеге асырады. Ішкі саясат, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, халықты жұмыспен қамтудың әлеуметтік бағдарламасы, табиғи ескерткіштерді қорғау, мәдени тарих және басқа да тарихи, мәдени, экологиялық, ғылыми құндылығы бар объектілері саласындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Ұлтаралық қатынастар саясатын, реформаларды идеологиямен қамтамасыз ету, әскери қызметке шақыру жөніндегі іс шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік қызметтердің талдауын жүргізу, олардың сапасын бақылау. Қала әкімінің және әкімдігінің бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, діни ұйымдармен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіреді: «Көкшетау қаласының білім бөлімі», «Көкшетау қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі», «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі», «Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Көкше Медиа» ЖШС. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдарда бюджет қаражатын уақытылы дамытуды бақылау. Өз құзыреті шегінде қадағаланатын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен ұсыныстарды енгізу. Өзінің құзыретіне кіретін мәселелердің жұмыс топтары мен комиссияларын басқарады. Өзі басшылық ететін мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын және басшыларын тағайындау және лауазымнан босату жөнінде қала әкіміне ұсыныс енгізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім беру немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе қызмет (әлеуметтік-мәдени сервис немесе әлеуметтік жұмыс немес мәдени-бос уақыт жұмысы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан тиімді білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені____________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________

Мекен жайы: ____________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________
e-maіl: ____________________________________________________
ЖСН: _____________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
29 июня 2020