Ақмола облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың басында Ақмола облысы халқының саны 788023 адамды құрады, оның ішінде ерлер – 385576  адам, әйелдер – 402971.

Ақмола облысында 788023 адам тұрады, оның ішінде 443080 (56,2%) - қазақтар, 210464 (26,7%) - орыстар, 39900 (5%) - украиндар, 30062 (3,8%) - немістер, 13664 (1,7%) - татарлар, 11882 (1,5%) - белорустар, 8532 (1%) - поляктар, 4631 (0,5%) – ингуштар, 3281 (0,4%) – шешендер, 2234 (0,2%) – әзірбайжандар, 20 293 (2,5 %) – басқа ұлт өкілдері.

Ақмола облысы бойынша халықтың көші–қон сальдосы 2022 жылы теріс болды және 2085 адамды құрады, келгендер – 30252, кеткендер -32337.

Алыс және жақын шетелдерден келгендер - Беларусь (9 адам), Қырғызстан (8 адам), Өзбекстан (28 адам), Ресей (215 адам), Тәжікстан (6 адам), Түркменістан (6 адам), Украина (7 адам), және басқалар (7 адам).

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстан алыс және жақын шетелдерге көшкендердің жалпы саны 1162 адамды (Әзірбайжан – 1, Белорусь - 42, Өзбекістан – 1, Ресей - 1117, Украина – 1) құрады.

 

Дата публикации
22 мая 2023