Ақмола облысының 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.03.2023ж. халық саны – 788,2 мың адам, оның ішінде қалалық - 442,5 мың адам (56,1%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 52,8%, орыстар – 31,9%, басқалар – 15,3%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 408,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылғы деңгейге 115,3%.

2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 568 жаңа жұмыс орнын құрумен 26,8 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 81 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылдың деңгейіне 103,3%.

  1. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 57,2 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 15,9%-ға жоғары.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  Ұлттық жобаны іске асыруға 2023 жылы (01.04.2023ж. жағдай бойынша)
8,2 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 5,9 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 1,1 млрд. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23,6%-ға ұлғайып, 142,6 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 101,8%. 168,3 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 5,8%).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2022 жылы) - 4,8% (21 мың. адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 3% (2022 жылы). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (124,1 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (442,4 мың адам) 28%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 250,1 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 103,4%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 103,6%-ды құрады.

  1. 2023 жылға арналған облыс бюджеті - 557,9 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 70%). 2023 жылдың 1 сәуіріне 113,7 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 99,8% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 265,8 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 103,9%, оның ішінде республикалық бюджетке – 222,2 млрд. теңге (болжамға 100,3%), жергілікті бюджетке – 43,6 млрд. теңге (болжамға 127%) түсті.

  1. 2022 жылы әлеуметтік салаға 315,8 млрд. теңге (облыс бюджетінің 56,6%), оның ішінде білім беруге – 253,5 млрд. теңге (45,4%), денсаулық сақтауға – 10,2 млрд. теңге (1,8%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 86%.

Білім беру саласында Аршалы ауданының Жибек Жолы, Сандықтау ауданының Петровка, Целиноград ауданының Жаңа Жол және Өтеміс ауылдарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында
7 мектептің, Ақкөл ауданының Ақкөл қ. мектепке қосымшаның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Аршалы ауданында (Жалтыркөл а.), Біржан сал ауданында
(Бұланды а.), Целиноград ауданданында (Шұбары а.), Степногорск қаласында (Бестөбе к.), Қосшы қаласында, Көкшетау қаласында
(2 нысан) 7 мектеп, сондай-ақ 5 балабақша: Целиноград ауданы Қараөткел ауылында, Қосшы қаласында, Көкшетау қаласында
(3 нысан) салу бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде
10 мектептің құрылысын бастау көзделген: Целиноград ауданында
8 жоба (Қаражар, Қажымұқан, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп), Көкшетау қаласында -
2 жоба.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пунктің (ФАП) құрылысын аяқтау жоспарлануда, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана құрылысын бастау көзделген.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 95,3%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу -89,8%.

2023 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 18,1 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 18 объектінің құрылысына
(8,2 млрд.теңге) және 28 объектіні қайта жаңартуға (8,2 млрд. теңге),
1 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (1,3 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 13 объектіні ағымдағы жөндеуге
(928,6 млн. теңге) бағытталды.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік.

2023 жылғы қаңтар-наурызда ауыр қылмыстардың 1,3 есе төмендегені байқалды, оларды ашу бойынша 81,4%-ды құрады.
Аса ауыр қылмыстардың саны 10,5%-ға азайды, оларды ашу бойынша 95,7%-ды құрады. 

Дата публикации
18 апреля 2023