2023 жылдың 1 тоқсанына Ақмола облысындағы діни ахуалы туралы ақпарат

2023 жылғы 1 сәуір жағдай бойынша аймақта 189 діни бірлестік әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 89 - ислам, 46 – православ, 41 – протестанттық, 11 – католик, 1 - Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна Санасы қоғамы.

Діни нысандар - 151, оның ішінде: 88 мешіт; 29 православие шіркеуі; 12 католиктік шіркеулер мен 22 протестанттық үй.

Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 30 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: 19 адам Польша, 5 - Филиппиннен, 1- Германия, 1-Швейцария, 1- Ресей, 1-Италия, 2- Қазақстан азаматтары.

Көкшетау қ. – 3  миссионер, Степногорск қ. – 1, Аршалы ауданында – 2, Астрахан ауданында - 4, Атбасар ауданында - 7, Бұланды ауданында – 4, Бурабай ауданында - 3, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.

Барлық миссионерлер католицизмді уағыздайды.

Есепті кезеңде 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді: миссионерлерді электрондық форматта тіркеу (қайта тіркеу) туралы 4 куәлік берілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 2023 жылдың басынан бері облыста 156 баланың ата-анасы діни нанымдары бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.

Білім басқармасының мәліметінше, облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 64 фактісі анықталды.

ДІБ жанындағы «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.

2023 жылғы 15 наурызда Көкшетау қ. «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесуде дін істері және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептері тыңдалды. Кездесуге дін істері; құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері; «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ; «Насихат» ҚБ; Көкшетау қаласының діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Іс-шара туралы ақпарат Басқару сайтында және Facebook-тің интернет-парақшасында орналастырылған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/522585?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/522585?lang=kk

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02MwkXRZmEJpi6UmnwA9yLqDwpdzMCfCnaZ5dbsaaaibEMEcAvntu7DSQRxXdsjDWAl&id=100010651151318&mibextid=Nif5oz

2023 жылғы 1 сәуір жағдай бойынша облыста 217 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 2 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).

Ақпараттық-түсіндіру топтары 874 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 17313 адам қатысты.

Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 1726 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 93 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және          т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 11 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 1622 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).

Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.

 

 

Дата публикации
12 апреля 2023