Облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 23 сәуірге тағайындалған ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің кандидаттарын тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы

Ақмола облысында 5 ауыл және ауылдық округ әкімінің сайлауы 4 ауданда тағайындалды, олар өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты сайланады

18 кандидат ұсынылды, оның ішінде «AMANAT» саяси партиясынан - 1 (5,6 %); 17 (94,4%)- өзін-өзі ұсынудан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша 2 кандидаттарға бас тартылды. 1 кандидатқа барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.

15 кандидат тіркелді, оның 1-і (6,7%) – «AMANAT» саяси партиясынан; 14-өзін-өзі ұсынудан.

Орташа бәсекелестік 3 адам.

15 үміткердің 4-і (26,7%) әйелдер.

13 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, 2 – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері болып табылады.

Орташа жасы - 41,7 жас, ең жасы - 33 жас, ең үлкені – 57 жас.

3 (20,0%) кандидат ауылдық округте, 12 (80,0%) - ауданда тұрады.

  Жақсы ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/article/details/120034?lang=kk
Жарқайың ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/449226?lang=kk  https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/449998?lang=kk
Сандықтау ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/documents/details/450918?lang=kk
Целиноград  ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/documents/details/452710?directionId=8505&lang=ru
Дата публикации
07 апреля 2023