2023 жылғы 31 наурызда облыс әкімінің орынбасары А. Б. Әміренова мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында өтініш берушілер ономастика, әлеуметтік көмек көрсету және денсаулық сақтау мәселелерін көтерді.
Жеке қабылдау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауызша түсініктемелер берілді.