2023 жылдың қаңтар - ақпан айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 51 833,7 млн. теңгені құрады (НКИ - 106,8%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 537,3 млн. теңге (НКИ - 100%), мал шаруашылығы – 51 291,8 млн. теңге (НКИ - 106,9%).
Облыста барлығы 9169 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1996 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 774 - жеке кәсіпкерлер, 6399 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - ақпан айлары кезеңіне 8,2 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас деңгейге 84,7% (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалатын шығындарды азайту есебінен көрсеткіштің төмендеуі).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар- ақпан кезеңіне 3,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 65,1% құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны - 27% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы - 422,3 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 114 мың адам).
2022 жыл бойынша ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 29% өсуімен орташа жалақы 227,2 мың теңгені құрады (2022 жылғы 4 – тоқсанда – 32,1%-ға өсуімен 251,9 мың теңге).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі 45,6 млрд. теңге құрайды, оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 12,9 млрд. теңге (пестицидтер - 9 103,7 млн. теңге, тыңайтқыштар - 3 171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығына - 617,5 млн. теңге);
-Мал шаруашылығын субсидиялауға 5 млрд. теңге бөлінді;
-инвестициялық салымдарға, қайта өңдеуді субсидиялауға, қарыздарға кепілдік беруге және сақтандыруға - 17,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16627,7 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға - 1 025,9 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау - 83,5 млн. теңге);
- кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 10 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2023 жылғы қаңтар – ақпан айларында АШТӨ барлығы 8,6 млрд. теңге сомасына 208 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 2,4 млрд. теңге сомасына 14 бірлік;
- тракторлар – 3,5 млрд. теңге сомасына 48 бірлік;
- тұқым септкіштер – 95 млн. теңге сомасына 30 бірлік;
- егіс кешендері – 0,3 млрд. теңге сомасына 15 бірлік;
- өзге де техникалар – 2,3 млрд. теңге сомасына 101 бірлік.
Мал шаруашылығы
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 495,8 мың басты (2022 жылдың ұқсас кезеңіне 99,8%) құрайды, оның ішінде сиыр басы - 228,6 мың бас (99,9%).
Жылқылардың саны 247,7 мың басты (108,8%), құстар - 9 629,2 мың басты (107,2%) құрады.
Қой мен ешкі саны 664,2 мың басты (104,6%), шошқа - 83,3 мың басты (83,9%) құрады.
Облыста тірі салмақтағы ет 33,5 мың тонна (110,3%), сүт - 35,1 мың тонна (100,5%), тауық жұмыртқасы - 110,4 млн.дана (99,5%) өндірілді.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру
2023 жылы жалпы сомасы 48 млрд. теңгеге 47 инвестициялық жоба іске асырылады, оның ішінде:
- 4,1 млрд. теңге сомасына астық қоймаларын салу бойынша 10 жоба;
- 9,2 млрд. теңге сомасына МТФ құру бойынша 11 жоба;
- жалпы сомасы 0,7 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 5 жоба тенге;
- жалпы сомасы 5,2 млрд. тенге млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 9 жоба;
- жалпы сомасы 19,5 млрд. тенгеге құс фабрикаларын құру бойынша 4 жоба;
-жалпы сомасы 5,5 млрд. тенгеге жерді игеру бойынша 5 жоба;
жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге көкөніс қоймаларын салу бойынша 2 жоба;
- 0,3 млрд. теңге сомасына бордақылау алаңын салу бойынша 1 жоба.
Қайта өңдеу
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 101,4 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар (2022 жылы қуаттылығы тәулігіне 600 тонна шикізат болатын "Бота-2015" ЖШС майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша ірі жоғары технологиялық зауыт іске қосылды, дайын өнімнің шығымы 54 мың тоннаны құрайды).
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5% өсіммен 32,8 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 52%, сүт – 13%, астық өңдеу – 14%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3%, өзге салалар – 18% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар 2022 жылмен салыстырғанда 8,1% өсіммен 14,6 мың тонна ет өндірді, шұжық өнімдерін өндіру 284 тоннаны, 51,9%- ға төмендеді.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 12,7 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 9,6% - ға төмендеуі, сары май 49,5% - ға өсумен - 317 тоннаны, ірімшік және сүзбе – 213 тоннаны, 30,3%- ға өсті, ашымал сүт өнімдері - 1148 мың тонна өндірілді, 9,1% - ға төмендеді.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 4,9 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,6%-ға өсті.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 35,3 мың тонна өндірілді немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% - ға ұлғайды.