Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру туралы есеп

Қаржылық қаражаттарды игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, млн.теңге

Нақты, млн.теңге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

Республикалық бюджет

405541,9

405310,7

Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеулер, жеткізушілердің міндеттерін уақытында орындамауы, жобаларды іске асыру мерзімдерін ауыстыру

Жергілікті бюджет

234182,5

232310,4

Ұлттық қор

93976,9

91843,4

Барлығы

733701,3

729464,5

 

Талдамалық жазба

 

Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №7С-12-3 Ақмола облысы мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілді.

Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 7 мақсат, нысаналы индикаторлардың 143 жоспарлы мәні көзделген, олардан 2022 жылдың қорытындысы бойынша (2023 жылғы 28 ақпандағы жай-күйі бойынша) нысаналы индикаторларының 83 жоспарлы мәніне қол жеткізілгені белгіленді, 20 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ, 31 жоспарлы мәні бойынша мәліметтер жарияланған жоқ (қалыптастырылмаған), 9 көрсеткіш бойынша 2022 жылы үшін жоспарлы мән көзделген жоқ.

Оның ішінде «Азаматтардың әл-ауқаты» 1‑бағыты бойынша 2022 жылға 3 мақсат, 51 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 33 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.

«Институттар сапасы» 2‑бағыты бойынша 2 мақсат, 22 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 18 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.

«Мықты экономика» 3‑бағыты бойынша 2 мақсат, 70 нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көзделген. Нысаналы индикаторлардың 32 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.

1) Облыстың даму жоспары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының 7 жалпыұлттық басымдықтарының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған.

Қолда бар алдын ала деректерге сәйкес «Әділ әлеуметтік саясат» жалпы ұлттық басымдықтың 7 нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу, оның ішінде жұмыссыздық деңгейін 4,8% - ға дейін төмендету, 22167 жұмыс орнын, оның ішінде 14999 тұрақты жұмыс орнын құру қамтамасыз етілді.

«Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» жалпыұлттық басымдығының 11 нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу қамтамасыз етілді, оның ішінде 1000 тірі туылғандарға шаққанда сәби өлімін 4,58 бірлікке дейін төмендету.

«Сапалы білім беру» жалпыұлттық басымдығын орындау мақсатында «Білімді ұлт» Сапалы білім беру», «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобаларының барлық 13 көрсеткішіне қол жеткізілді.

«Патриотизм құндылықтарын дәріптеу» жалпыұлттық басымдығы аясында «Ұлттық Рухани Жаңғыру» ұлттық жобасының 12 көрсеткішіне қол жеткізілді.

Алдын ала деректерге сәйкес «Әртараптандырылған және инновациялық экономиканы құру» жалпыұлттық басымдығы бойынша «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» ұлттық жобаларының 11 көрсеткішіне қол жеткізілді.

«Теңгерімді аумақтық даму» жалпы ұлттық басымдықты орындау үшін «Қуатты өңірлер – ел дамытудың драйвері», «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобаларының 21 көрсеткішіне қол жеткізілді.

Орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат:

Есепті кезеңде Даму жоспарының іске асырылу барысына ықпал еткен негізгі факторлар қолайсыз ауа райы жағдайлары, сондай-ақ коронавирус пандемиясы болды. Іс-шаралардың орындалмауы облыс халқының денсалық сақтау, білім, қоржаған орта салаларында қызметпен қанағаттану деңгейінің төменделуымен көрінеді.

Жоспарланғандардан ұсынылған мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпарат:

Қолданыстағы тізілімге сәйкес жергілікті атқарушы органдар 177 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде 167, немесе 94 %, «Электрондық Үкімет» порталы арқылы көрсетілуге көзделген.

2022 жылы 8 млн. астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде электрондық нысанда 7,8 млн. қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 60 мың қызмет, қағаз түрінде – 73 мың қызмет көрсетілді.

Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер:

2022 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді қайта тексерді, Тексеру комиссиясы Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуына талдау жүргізді.

Тұжырымдар мен ұсыныстар:

Бағдарламаның 2022 жылға арналған мақсаттармен нысаналы индикаторлар ішінара орындалды. Алдын ала деректер бойынша экономика өсуі 4 % құрады.

Өндірілетін өнімге сұранысты қамтамасыз ету және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылыс материалдарын өндіру, тұрғын үй құрылысы және туризм есебінен АӨК және тамақ өнеркәсібін, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылатын өңір экономикасының бәсекелестік артықшылықтары, даму басымдықтары мен өсу резервтері іске қосылады.

2022 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 733701,3 млн. теңгені игеру жоспарланған, нақты түрде 729464,5 млн. теңге игерілген, немесе жоспардың 99,4%. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 405541,9 млн. теңге көзделген, 405310,7 млн. теңге, немесе жоспардың 99,9%, игерілген; жергілікті бюджет есебінен 234182,5 млн. теңге көзделген, 232310,4 млн. теңге, немесе 99,2%, игерілген; Ұлттық қор есебінен 93976,9 млн. теңге көзделген, 91843,4 млн. теңге, немесе жоспардың 97,7%, игерілген.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері іс-шаралардың қаржыландыруын жақсарту және оларды уақытында іске асыру шаралары қолдануда; инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр.

Облыстық басқармалар басшыларының, аудандар мен қалалар әкімдерінің алдына, жобалық басқару әдістерін қолдана отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жақсарту және облыстың ұлттық жобалары мен даму жоспарында көзделген көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша ведомстволық бағынысты мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмысын үйлестіруді күшейту, халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың халықтың мектепке дейінгі / орта білім сапасына қанағаттану деңгейін, халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін көтеру жөнінде міндет қойылды.

Дата публикации
28 февраля 2023