Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың қаңтар айына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2023 жылдың қаңтар айына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 26 047,5 млн. теңгені құрады (НКИ - 104,4%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 229,3 млн. теңге (НКИ - 100%), мал шаруашылығы - 25 815,9 млн. теңге (НКИ - 104,5%).

Облыста барлығы 9169 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1996 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 774 - жеке кәсіпкерлер, 6399 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар айы кезеңіне 5,1 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 72,6% - ды құрады.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар айы кезеңіне 3,5 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 67,5%- ды құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны - 27% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы - 422,3 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 114 мың адам).

2022 жыл бойынша ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 29% өсуімен орташа жалақы 227,2 мың теңгені құрады (2022 жылғы 4 – тоқсанда – 32,1%-ға   өсуімен  251,9  мың  теңге).

Дата публикации
23 февраля 2023