«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 130 000 (жүз отыз мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 70 000 (жетпіс мың) теңге.