«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 200 000 (екі жүз мың) теңге.
- Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.