«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 200 000 (екі жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 100 000 (жүз мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 50 000 (елу мың) теңге.
- Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, қалалар мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.