«Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Осы арқылы «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14179071 сілтемесі бойынша орналастырылған.