«Жергілікті бюджетке түсімдерді болжау ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Осы арқылы «Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті бюджетке түсімдерді болжау ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14035506 сілтемесі бойынша орналастырылған.