«Ақмола облысындағы жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихат шешімінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Осы арқылы «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысындағы жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 6С-41-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихат шешімінің жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14091929 сілтемесі бойынша орналастырылған.