«Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Осы арқылы «Ақмола облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын (әрі қарай - Жоба) әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14389167 сілтемесі бойынша орналастырылған.