Ақмола облысының білім беру жүйесі бойынша ақпарат 2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша

Ақмола облысының білім беру жүйесінде 1 325 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 36 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 22 мыңнан астамы – педагогтар.   

Облыстың ағымдағы 2023 жылғы білім беру саласындағы бюджеті 212 млрд. теңгені құрайды (2022ж. – 169,1 млрд. тг).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 602 мектепке дейінгі ұйым (258 балабақша, 344 шағын орталық), 1 жастан 6 жасқа дейін - 81 % (42716 бала), 2 жастан 6 жасқа дейін – 86 % (41946 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% қамтылған.

2023 жылы 88,0% деңгейінде 2 жастан 6 жасқа дейін Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды қамтамасыз ету үшін 11 (970 орынға 6 мемлекеттік және
245 орынға 5 жекеменшік) ашу және 1347 жаңа орынға 6 (62 орынға 3 мемлекеттік және 70 орынға 3 жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту жоспарлануда.

Ағымдағы жылы 1426 орындық 6 балабақша құрылысы жалғасуда (Шортанды ауданының Тонкерис ауылында 140 орындық; Қараөткел ауылында
280 орындық, Қосшы қаласында 280 орындық, Көкшетау қаласында сөйлеу қабілеті бұзылған 280 орындық, Красный яр ауылындағы Нұрлыкөш ауылында
280 орындық, мобильділігі төмен топтар үшін 166 орындық Көкшетау қаласы).

2022 жылғы желтоқсанда Целиноград ауданы Қоянды ауылында
280 орындық 1 балабақшаның құрылысы аяқталды.

Дата публикации
08 февраля 2023