Ақмола облысының 2023 жылғы қаңтардағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.01.2023ж. халық саны – 788 мың адам, оның ішінде қалалық - 442 мың адам (56,1%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 52,8%, орыстар – 31,9%, басқалар – 15,3%

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 126,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылғы деңгейге 115,3%.

2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 568 жаңа жұмыс орнын құрумен 26,8 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 26 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылдың деңгейіне 104,4%.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 55,8 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 13,4%-ға жоғары.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  Ұлттық жобаны іске асыруға 2023 жылы (01.02.2023ж. жағдай бойынша)
8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 5,7 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 1,1 млрд. теңге.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,6%-ға ұлғайып, 45,5 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,1 есе. 75,9 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 41%).

Жұмыссыздық деңгейі (2022 жылғы 4 тоқсанда) - 4,8% (21,2 мың. адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 2,5% (2022 жылғы 4 тоқсанда). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (131,3 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (443,6 мың адам) 29,6%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 250,1 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 101,4%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 101,3%-ды құрады.

2023 жылға арналған облыс бюджеті - 554,9 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 70,4%).

2023 жылдың 1 ақпанына 17,6 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 99,5% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 191 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 834,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 176,8 млрд. теңге (болжамға 1138,1%), жергілікті бюджетке – 14,3 млрд. теңге (болжамға 193,7%) түсті.

2022 жылы әлеуметтік салаға 315,9 млрд. теңге (облыс бюджетінің 56,9%), оның ішінде білім беруге – 253,5 млрд. теңге (45,7%), денсаулық сақтауға – 10,2 млрд. теңге (1,8%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 86%.

Білім беру саласында Аршалы ауданының Жибек Жолы, Сандықтау ауданының Петровка, Целиноград ауданының Жаңа Жол және Өтеміс ауылдарында 7 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Аршалы ауданында (Жалтыркөл а.), Біржан сал ауданында
(Бұланды а.), Целиноград ауданданында (Шұбары а.), Степногорск қаласында (Бестөбе к.), Қосшы қаласында, Көкшетау қаласында
(2 нысан) 7 мектеп, сондай-ақ 5 балабақша: Целиноград ауданы Қараөткел ауылында, Қосшы қаласында, Көкшетау қаласында
(3 нысан) салу бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде
10 мектептің құрылысын бастау көзделген: Целиноград ауданында
8 жоба (Қаражар, Қажымұқан, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол және Талапкер (2 мектеп) ауылдарында, Көкшетау қаласында - 2 жоба.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пунктің (ФАП) құрылысын аяқтау жоспарлануда, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана құрылысын бастау көзделген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 95,3%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу -89,8%.

2023 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 18,1 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 18 объектінің құрылысына
(8,2 млрд.теңге) және 28 объектіні қайта жаңартуға (8,2 млрд. теңге),
1 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (1,3 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 13 объектіні ағымдағы жөндеуге
(928,6 млн. теңге) бағытталды.

Қоғамдық қауіпсіздік.

2023 жылғы қаңтарда ауыр қылмыстардың 1,9 есе төмендегені байқалды, оларды ашу бойынша 63,2%-ды құрады.
Аса ауыр қылмыстардың саны 1,3 есе азайды, оларды ашу бойынша 100%-ды құрады.

Дата публикации
16 февраля 2023