«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау жөніндегі Ақмола округтік сайлау комиссиясы № 9 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша 2023 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тіркелді: Мысырәлімова Айна Ермекқызы - 1966 жылы туған, «АМАНАТ» партиясының Ақмола облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, «АМАНАТ Партиясы» ҚБ ұсынған, Көкшетау қаласының тұрғыны. Акинов Ержан Кәкімұлы -1958 жылы туған, ұақытша жұмыс істемейді, өзін-өзі ұсыну бойынша ұсынылды, Көкшетау қаласының тұрғыны.