ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға түсетін үміткерлерге ғаламтор алаңын беру туралы ақпараттық хабарлама
ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға түсетін кандидаттарға «E-Time» ЖШС 716.kz сайтында ғаламтор алаңын берудің жалпы шарттары
«E-Time» ЖШС – 716.kz сайтының иесі (бұдан әрі – Сайт), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының от 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 104 Жарлығымен тағайындалған 2023 жылғы 19 наурыздағы кезектен тыс сайлауға қатысатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) сайтта орналастыру үшін ғаламтор алаңын беру ақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша 00.00 сағатта аяқталады. 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 18 наурызында жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады
Сайт ғаламтор алаңын Сайт иесі мен кандидат арасында не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт немесе жазбаша өтініші негізінде ұсынады.
Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта тіркеледі.
Өтініш кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке өтініштің реттік нөмірі мен келіп түскен күнін белгілеу арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілуге тиіс:
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен немесе егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.
Үгіт материалдарының сайтта орналастыруы болжанған күнге дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады.
Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы ақпарат және ақпарат берген тұлғаның аты-жөні болуға тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Егер үгіт материалдарының мазмұнында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа итермелеу, заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болса, сондай-ақ басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Сайт иесі үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген ғаламтор алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі ҚР уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Үгіт материалдарын орналастыру құны:
Үгіт материалдарын орластыру үшін жасалған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сайт иесі қойған төлем шоты негізінде жүзеге асырылады.
Кандидаттардың сайлау алдындағы материалдары олардың түсу тәртібіне және порталмен жасалған шарттарда белгіленген күндерге сәйкес 100% алдын ала төленгеннен кейін жарияланады.
Жазбаша өтініштерді сайт иесі 2023 жылғы 18 ақпаннан бастап 2023 жылғы 18 наурызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерінен басқа мына мекенжай бойынша қабылдайды: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Әуелбеков к-сі 50/92, сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Баннерді орналастыруға арналған техникалық талаптар:
PR материалдарын орналастыруға арналған техникалық талаптар:
Бізбен байланыса аласыз:
Редактор Айя Калягина +7 701 519 53 46
Жарнама жөніндегі менеджер Влада Микула +7 771 836 66 44
E-mail: info@716.kz