"BegimSulu" ЖК - kznews.kz ақпараттық агенттіктің иесі (бұдан әрі-Сайт), "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2023 жылғы "19" наурызға тағайындалған сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға партиялық тізімдер бойынша, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Сайт алаңында сайлау алдындағы үгітті (бұдан әрі – үгіт материал) орналастырудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша сағат нөлде аяқталады.