2023 жылғы 19 наурызда Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттарға «Новое Радио (Жаңа FM)» радиостанциясында эфир уақытын «Байлық Инновация» ЖШС берудің жалпы шарттары
«Байлық Инновация» ЖШС «Новое Радио (Жаңа FM)» радиостанциясының (бұдан әрі - Радиостанция) меншік иесі бола отырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидаттар), 2023 жылғы 19 наурыздағы кезектен тыс сайлауға қатысатын, "Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 104 және "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" № 105 жарлықтары негізінде тағайындалған кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін Радиостанцияда эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі туралы, төлем мөлшері туралы хабардар етеді.