Орта білім

Облыста 2022-2023 оқу жылында 560 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік 536 мектеп, 9 кешкі, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 6 мемлекеттік емес, 1 Назарбаев зияткерлік мектебі, 1 Iqanat мектебі бар. Контингент 138 266 оқушыны құрайды, оның ішінде күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 134 693 оқушы білім алады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 60,8 % құрады. 4 617 түлектің ішінде 270 түлек «Алтын белгі» төсбелгісінің және 279 түлек үздік аттестат иегерлері атанды, аз қамтылған отбасылардан 17 229 оқушы және 14 765 бірінші сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. 

Дата публикации
02 февраля 2023