Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезінде сәйкес комиссияға ұсынылатын, егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) құжаттар тізімі

1) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмiн ұсыну туралы саяси партияның тиiстi филиалының (өкiлдiгiнiң) жоғары басшы органының хаттамасынан үзiндi көшiрме;

2) партиялық тізім (электрондық (Excel форматында) және қағаз жүзінде);

3) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі және өмірбаяндық деректері;

4) партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның өмірбаяндық деректері

5) саяси партияға мүшелігін растайтын құжат (уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған);

және де:

1) саяси партияны уәкілетті органда тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

2) кандидаттың және оның жұбайының (жұбайының) мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

3) саяси партияның сайлау жарнасын төлегенiн растайтын құжат

  (350 000 теңге, 5 ЕТЖ = 70*5).

 

 Ұсынудың СОҢҒЫ МЕРЗІМІ 2023 жылдың 8 ақпаны, 18:00-ге дейін.

 

Дата публикации
26 января 2023