АӨК негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың қаңтар - желтоқсан аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1 075 124 млн. теңгені құрады (НКИ – 121,7%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 751 429,6 млн. теңге (НКИ – 133,6%), мал шаруашылығы – 322 282,7 млн. теңге (НКИ – 100,3%). Облыста барлығы 9169 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1996 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 774 - жеке кәсіпкерлер, 6399 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
2022 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 3 268,1 мың теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас деңгейге 122,7% - ды құрады.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңіне 97,3 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас деңгейге 90,1%- ды құрады.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- желтоқсан кезеңіне 24,5 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас деңгейге 2 есе жоғары құрады.
2022 жылдың қаңтар- қараша кезеңіне ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 381,0 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 113,5%- ды құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 29% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 399,9 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -116,1 мың адам).
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңіне ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 28,6% өсуімен орташа жалақы 217,3 мың теңгені құрады (2022 жылғы 3 – тоқсанда - 37,1%-ға өсуімен 269,4 мың теңге).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 54,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
-Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,4 млрд. теңге игерілді (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға – 10551,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге, ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға - 182,7 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялауға- 700,0 млн. теңге).
-Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.
Аталмыш бағыттарды іске асыруға 7,2 млрд.теңге бөлінді.
-Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 21,9 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 20 905,6 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 997,8 млн. теңге).
-Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 10,4 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 10 311,0 млн. теңге).
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс 5252,7 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 4662,6 мың га, майлы дақылдар - 366,7 мың га, жемшөптік дақылдар -206,7 мың га.
Жұртшылықты ескере отырып, картоп – 14,5 мың га алаңға және көкөністер – 2,2 мың га жерге орналастырылды.
Егін жинау (жедел мәліметтер бойынша)
Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 4662,6 мың га немесе жинау алаңының 100%-ында бастырылды, 11,7 ц/га орташа өнімділігімен 5455,2 мың тонна астық жиналды.
Майлы дақылдарды жинау 368,3 мың га алаңда жүргізілді немесе жоспарланған алаңның 100,4%-ы (жоспар - 366,7 мың га), майлы дақылдардың жалпы түсімі 240,7 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 6,5 ц/га.
Картоп жинау 15 мың га алаңда аяқталды (103 мың га), картоптың жалпы түсімі 202,2 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 135,2 ц/га.
Көкөністерді жинау 2,4 мың га алаңда жүргізілді немесе жоспардың 105,6%-ы, көкөністердің жалпы түсімі 28,3 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 119,6 ц/га.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2022 жылғы қаңтар - желтоқсан айларында АШТӨ барлығы 73,9 млрд. теңге сомасына 1909 бірлік техника сатып алды (2021 жылдың 12 айында – 63 млрд. теңгеге 2187 бірлік техника), оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 33,2 млрд. теңге сомасына 326 бірлік;
- тракторлар – 18,3 млрд. теңге сомасына 467 бірлік;
- тұқым септкіштер – 0,4 млрд. теңге сомасына 227 бірлік;
- егіс кешендері – 5,4 млрд. теңге сомасына 87 бірлік;
- өзге де техникалар – 16,6 млрд. теңге сомасына 802 бірлік.
Ағымдағы жылдың астығын жинауға 8,7 мың бірлік астық жинайтын комбайндар қатысады, оның 4,4 мың – заманауи өнімділігі жоғары комбайндар, сонымен бірге 2,5 мың дестелегіш.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша 455,1 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 99,4%), оның ішінде сиыр басы –232,9 мың бас (102,9%).
Жылқы басы 232 мың басты (100,4%), құс 9 752 мың басты (103,4%) құрады.
Қой мен ешкі басы 573,4 мың басты (98,2%), шошқа 71,1 мың басты (79,8%) құрады.
Облыста 190 мың тонна (101,1%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 406,7 мың тонна (100,6%), жұмыртқа –736,9 млн.дана (93,3%) өндірілді.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру
2022 жылы жалпы сомасы 17,5 млрд. теңгеге 32 инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде:
- 8 жоба АҚП салу бойынша 3,3 млрд. теңге сомасына;
- 7 жоба МТФ құру бойынша 3,2 млрд. теңге сомасына;
- 6 жоба етті мал шаруашылығы бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына;
- 2 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3,9 млрд. теңге сомасына;
- 7 жоба жерді игеру бойынша 4 млрд. теңге сомасына;
- 1 жоба көкөніс қоймаларын салу бойынша 0,4 млрд. теңге сомасына;
- 1 жоба бордақылау алаңын салу бойынша 1,5 млрд. теңге сомасына.
Қайта өңдеу
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан 181,0 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді, (2021 жылғы ұқсас кезеңге 1,1%- ға өсім).
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 53,0%, сүт – 15,3%, астық өңдеу – 13,9%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3,0%, өзге салалар – 14,8% алады.
Етті қайта өңдеу
Осы кәсіпорындар мен цехтар заттай мәнде 83,5 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0% - ға өсті, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 3,9 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5% - ға ұлғайды.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 82,0 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 21,7% - ға төмендеуі, сары май - 1,7 мың тоннаны 8,5% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 1,1 мың тоннаны, 25,0%- ға төмендеді, ашымал сүт өнімдері - 7,0 мың тонна өндірілді, 8,8% - ға өсті.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 23,5 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,7%-ға өсті.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 231,4 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,5% - ға ұлғайды.