2022 жылдың 4 тоқсанына Ақмола облысындағы діни ахуалы туралы ақпарат

2022 жылғы 26 желтоқсан жағдай бойынша аймақта 183 діни бірлестік (бұдан әрі ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 83 - ислам, 46 – православ, 41 – протестанттық, 11 – католик, 1 - Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна Санасы қоғамы.

Діни нысандар - 145, оның ішінде: 83 мешіт; 29 православие шіркеуі; 11 католиктік шіркеулер мен 22 протестанттық үй.

Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 32 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: 17 адам Польша, 5 - Филиппиннен, 1- Германия, 1 - Швейцария, 1 -  Ресей, 5 – Қазақстан, 1 – Беларусь, 1 - Италия азаматтары.

Көкшетау қ. – 6  миссионер, Степногорск қ. – 1, Аршалы ауданында - 2, Астрахан ауданында - 3, Атбасар ауданында - 7, Бұланды ауданында – 4, Бурабай ауданында - 3, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.

30 миссионер католицизмді, 2 миссионер протестантизмді тұтады.

Есепті кезеңде 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ арқылы қағаз түрінде миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 4 куәлік және электрондық форматта 6 куәлік берілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 2021 жылдың басынан бері облыста 160 баланың ата-анасы діни нанымдары бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.

Білім басқармасының мәліметінше, облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 60 фактісі анықталды.

ДІБ жанындағы «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.

2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16.00-де Ақмола облысының дін істері басқармасы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, Достық үйінің мәжіліс залында «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының мүшелерімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.  Диалог алаңына дін істері басқармасының мамандары; Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ және «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері; Көкшетау қ. діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

2022 жылғы 26 желтоқсан жағдай бойынша облыста 217 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 3 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).

Ақпараттық-түсіндіру топтары 1558 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 12232 адам қатысты.

Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 1769 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 106 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және          т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 56 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 1607 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).

Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.

Дата публикации
16 января 2023