Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.12.2022ж. халық саны – 787,7 мың адам, оның ішінде қалалық - 441,6 мың адам (56,1%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 52,8%, орыстар – 31,9%, басқалар – 15,3%
НКИ – 2021 жылғы деңгейге 113,4%.
Индустрияландыру картасын іске асыру кезеңінде
(2010-2021 жылдар) 428,8 млрд. теңгеге 112 жоба іске асырылды,
11 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 165,1 млрд. теңгеге 8 жоба пайдалануға берілді, 1 927 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 075,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2021 жылдың деңгейіне 121,7%.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға
2022 жылы (01.01.2023ж. жағдай бойынша) 7,7 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 5,2 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1,4 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 139 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 921,6 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 270,5 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 136,8%. 631,2 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 5,8%).
Орташа айлық атаулы жалақы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 240,6 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 23,1%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 121,1%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 125,7%-ды құрады.
2023 жылдың 1 қаңтарына 491,3 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 99,1% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 327,7 млрд. теңге салық және басқа
да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 103,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 185,2 млрд. теңге (болжамға 102,2%), жергілікті бюджетке – 142,5 млрд. теңге (болжамға 105,5%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 86%.
Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп және Целиноград ауданы Қоянды ауылында балабақша пайдалануға берілді. Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында, Целиноград ауданы Өтеміс ауылында, Көкшетау қаласында (1 нысан) мектептердің, Ақкөл ауданындағы мектепке қосымша (Ақкөл қаласындағы №4 мектеп) құрылысы аяқталу сатысында.
Аршалы ауданында (Жалтыркөл ауылы), Біржан сал ауданында (Бұланды ауылы), Сандықтау (Петровка ауылы), Целиноград аудандарында (2 жоба: Шұбары, Жаңажол ауылдарында), Степногорск қаласында (Бестөбе кенті), Қосшы қаласында (2 нысан), Көкшетау қаласында (1 нысан) 9 мектеп салу бойынша жобаларды, сондай-ақ
4 балабақша: Қосшы қаласында, Көкшетау қаласында (3 нысан), Көкшетау қаласында мектепке қосымша (№4 арнайы мектеп-интернат) іске асыру жалғасуда.
Денсаулық сақтау саласында Қосшы қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емхана енгізілді, Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталу сатысында. Атбасар ауданының Новосельское ауылында медициналық пунктінің және Сочинское ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы көзделген.
2022 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 15 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 17 құрылысқа (7,8 млрд.теңге) және
21 объектіні қайта жаңартуға (5,4 млрд. теңге), 9 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (74,3 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (572 млн. теңге), 35 объектіні ағымдағы жөндеуге (1,1 млрд. теңге) бағытталды.